20:32, 28 Наурыз 2021 | GMT +5
Қарағандыда шахтадан өрт шықты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Саран» шахтасынан өрт шықты. Шахтада транспортер таспасы мен ішкі қаптама жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Саран» шахтасында өрт шыққаны туралы хабарлама 28 наурыз күні сағат 15:36-да келіп түсті. Аумақта технологиялық кешеннің 2 галереясында транспортер таспасы мен ішкі ағаш қаптамасы жанған.
«+24 және +27 метр биіктіктегі 2 галерея құлады. Өрт 16:53-те сөндірілді. Жалын шарпыған аумақтың жалпы ауданы 350 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерге су шашу және бұзу жұмыстары жалғасуда. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.