Қарағандыда шаштараз баланың құлағын кесіп алды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы сән салондарының бірінде шаштараз 4 жасар баланың құлағын кесіп алды, ал онда келген жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Жедел медициналық жәрдем» стансасына 22-шағын ауданда орналасқан сән салонынан хабар келіп түскен.
«Жедел жәрдемді әкімші шақырды. 4 жасар баланың құлағы кесіліп қалған. Дәрігерлер қанды тоқтатып, Октябрь ауданы ауруханасына жеткізді», - дейді «Жедел медициналық жәрдем» стансасындағылар.
Баланың ата-анасы полиция шақырған жоқ, өйткені оқиғада қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болмаған. Салон әкімшісі баланың әке-шешесінен кешірім сұрап, материалдық шығынды өтеймін деп уәде берді.