Қарағандыда Smart City технологиясы енгізіліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Smart City технологиясы Қарағандыда енгізіле бастады. Оның арқасында алдағы жылдары қала тұрғынының әрқайсысында электронды денсаулық паспорты, ал мектеп оқушыларында электронды күнделіктер болады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап.
Автобустағы төлемақыны жолаушылар қолма қол ақшасыз өтей алады, ал қоғамдық тәртіпті камералар мен бағдарламалар қадағалайды, электр және жылу қуатын бақылап, коммуналдық төлемдерді компьютерлер есептейтін болады.
Сандық жүйеге ауысудың кей элементтері қазірдің өзінде облыста енгізіліп жатыр. Мысалы, осы жылдың соңына дейін облысымыздың денсаулық сақтау саласы толығымен электронды форматқа ауысады, тұрғындарда электронды денсаулық паспорты болады. Қазіргі уақыттың өзінде онлайн режимде дәрігер шақыртып, сараптама нәтижелерін алып, жоспарлы дәрігер қарауына шақырту алуға жағдай жасалған. Сонымен қатар Қарағанды облысының білім саласында да «Білім ал» электронды күнделіктер жүйесі сәтті қызмет етуде, ол ата-аналарға балаларының бағаларын көруге мүмкіндік береді.
Қазір облысымыздың билік басындағыларыавтопарктермен қоғамдық көліктерде тқлем терминалдары-валидаторларды орнату туралы келісімсөз жасап жатыр.
Бұған қоса, қаламызда және облыста қосымқа бақылау камераларын орнату жоспар бар. Олардан жиналған мәліметтерді арнайы бағдарлама өңдеп, құқық қорғау органдарына белгілі бір оқиғаларға шұғыл әрекет етуге және жасалған қылмысты жедел анықтауға көмегін тигізеді.
«Бұл жобаны іске асыруға біз бизнес-құрылымдарды жұмылдыруды көздеп отырмыз. Бюджет, жалғыз ғана қаржыландыру көзі ретінде, Smart City концепциялы жобаларға осындай ұзақ мерзімді инвестицияларды өзі жалғыз көтере алмайды. Сондықтан, бізге ұзақмерзімді қызметті сатып алуға мүмкіндік беретін МЖС бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймыз. Бұл сонымен қатар мемлекеттік бюджет үшін 10 жыл алға техникалық шешімдерді құру мүмкін емес болғандықтан өте қажет. Бірақ нарықта 7-10 жылға дейін ұзақмерзімді инвестициялар жасауға қауқарлы ірі компаниялар бар. Осылайша, біз аймақтық бюджетке зиян келтірместен Smart City концепциясының жобаларын жүзеге асыра алатын боламыз», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.
Айта кету керек, бұл концепцияға сонымен қатар «Әлеуметтік карталар» да енеді.