Қарағандыда сот «Валют-Транзит Банкінің» бұрынғы президенті адвокатының отырысқа келмеу себептерін анықтайды

АҒАНДЫ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда сот жойылған «Валют-Транзит Банкінің» бұрынғы президенті Айтбақы Біләловтің (көбінесе Андрей Беляев деген лақап атпен белгілі - ред.) қорғаушысы Серік Алпысовтың сот отырысына бірнеше рет келмеуінің себептерін анықтайды.

Қарағандыда сот «Валют-Транзит Банкінің» бұрынғы президенті адвокатының отырысқа келмеу себептерін анықтайды

Бұл туралы Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының судьясы Айгүл Смайылова хабарлады.

Сейсенбі күні А.Біләловтың ісіне қатысты сот процесі адвокаттың ауруды желеу етіп, үшінші рет келмей қалуына байланысты тағы да кейінге қалдырылды. «Ауруды растайтын ешқандай құжаттар ұсынылған жоқ. Сот мұның барлығы сот процесін созбалаңға салу үшін жасалып отыр деген пікірді ұстанып отыр", - деді судья А.Смайылова. - Біз сот отырысына С.Алпысовтың келмей қалуын білу мақсатында адвокаттар алқасына хат жолдап, оның себептерін анықтайтын боламыз».

Отырыс 18 сәуірге кейінге қалдырылды.