Қарағандыда «СТОП есірткі» сенім телефоны жұмыс істей бастады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат  - Бүгінгі күннен бастап Қарағанды облыстық прокуратурасында «СТОП есірткі» сенім телефоны жұмыс істей бастады, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Прокурорлар азаматтарды құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіретін жерлер туралы мәлімдеулерін сұрайды. Сондай-ақ бұл телефон желісіне интернет-ресурсттар, мессенджерлердегі арналар, қосымшалар көмегімен синтетикалық есірткі сатуы деректері туралы да хабарлауға болады. 

- Әзірге сенім телефоны пилоттық режімде жұмыс істей бастады. Нәтижелер мен хабарласуларды күтетін боламыз. Әрбір қоңырау бойынша сәйкесінше шаралар қолданылатын болады, - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Руслан Әбдірахманов. 
«СТОП есірткі» сенім телефонының нөмірі 8 (7212) 35 35 33. 

Соңғы жаңалықтар
telegram