Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге арнап, есепшот ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек қабылдау үшін банктік есепшот ашылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге арнап, есепшот ашылды

«Оны қабылдап таратумен облыстық Қызыл Жарты ай қоғамы айналыспақ», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ақшаны ұйымның арнайы есепшотына аударуға болады: ҚР Қызыл Жарты ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалы. БИН 950241002154 ИИК KZ669261101108562006 «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК- KZKOKZKX Резиденство-1, экономика секторының коды-8. Гуманитарлық көмек мына мекенжай бойынша Қоғам ғимаратында қабылданады: Қарағанды, Кривогуз көшесі, 3-үй. Телефондар: +7 (7212) 414346, 337477. Электрондық мекенжай: karaganda@redcrescent.kz.

Жергілікті билік су тасқынынан зардап шеккендердің сұранысына талдау жүргізді. Соның негізінде қабылданатын көмектің тізбесі жасалды: төсек-орын, матрац, сүлгі, санитарлық гигиена заттары, жылдам бүлінбейтін азық-түлік, құрылыс материалдары.