Қарағандыда сүңгуір-құтқарушылар жарысуда

ҚАРАҒАНДЫ.  Қыркүйектің 9-ы.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   Қарағандыда,  судағы құтқару    орталық  стансасының  базасында  сәрсенбі күні «Нептун-2009» көпсайысы  басталды,
None
None

деп    хабарлады  Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің   судағы құтқару   қызметінен.

Сүңгуір-құтқарушылардың арасындағы жарыс аймақта жыл  сайын өткізіледі.   Ондағы  мақсат -   құтқарушылардың  біліктіліктерін   жетілдіру,    олардың кәсіби шеберліктерін   шыңдау  және     өзара тәжірибе алмасу, дейді  ұйымдастырушылар.   Жеңімпаз   ауыспалы кубокпен     марапатталады.

Биылғы  көпсайысқа    судағы құтқару стансаларының 6 командасы  қатысуда.  Сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  жедел-құтқарушы отряды  да өз    өкілдерін  шығарып  отыр.  Жарыс бағдарламасына -    10 кезеңнен тұратын эстафета:   қайықпен жүзу,    сүңгуірдің киімін киюдің реті,    құтқарушы   құралдарды  беру,    іздеу-сүңгу жұмыстары,    суға батып бара  жатқанды құтқару,     алғашқы медициналық көмек көрсету,    өрт  сөндіру  және  күш-қуат жаттығулары  енгізілген.

Ертең,    қыркүйектің 10-ында,  жарыстың  жабылу  рәсімінде    нәтижелер жария етіліп,  жеңімпаздар марапатталады.

Соңғы жаңалықтар