Қарағандыда сүттегі түйнеме вирусы жайлы жалған ақпарат таратушыны тауып берген адамға 1 миллион теңге төледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда әлеуметтік желілерге тараған «Нәтиже» компаниясы сүтіндегі түйнеме вирусы жайлы жалған ақпарат ісін ашуға 1 миллион теңге сыйақы көмектесті. Бұл жайында компания басшысы Ерлан Әшім хабарлады.

Қарағандыда сүттегі түйнеме вирусы жайлы жалған ақпарат таратушыны  тауып берген адамға 1 миллион теңге төледі

«Біздің компания қызметкерлері «Нәтиже» өніміндегі түйнеме жайлы жалған ақпарат туралы полицияға шағым түсірді. Полиция бұл іске шындап кірісті, із кесуге сәл-ақ қалған еді», - деді Е.Әшім. - Бірақ біздің маркетологтар жалған ақпарат таратушыны тапқан адамға 1 миллион теңге сыйақы тағайындауды ұсынды. Мен рұқсат бердім. Хабарландыру жарияланысымен, мол ақпаратқа ие болдық. Осы ақпараттың арқасында, қаңқу сөзді шығарған адамды таптық».

Оның айтуынша, хабарлаушыға уәде етілген сома төленді.

Компания басшысы жалған ақпарат таратушымен кездесіп, кешіргенін, татуласқанын жеткізді.

Күдікті Анастасия Щелупанова да баспасөз конференциясына қатысты.

«Мен бұл хабарламаны алты адамнан тұратын WhatsApp тобына жібердім. Дүкендегі түйнеме жайлы сөйлесіп отырғанбыз. «Нәтиженің» түйнеме ошағы боп табылған Шет ауданынан сүт алатынын оқып, аудиохабарлама жібердім. Бұл жай ғана өз арамызда қалады деп ойлағанмын, бірақ ғаламторға лезде тарап, өз дауысымды ғаламтордан естідім. Қорыққанымнан бүкіл хабарламаны өшіріп, нөмірімді бұғаттап тастадым».

Ол көпшілік алдында компаниядан кешірім сұрады. «Мен қазір өз ақымақтығым үшін жауапкершілікті мойныма алып тұрмын, - деп мәлімдеді Анастасия. - Компания басшылығынан ғана емес, барлық қызметкерлер мен өнімді тұтынушылардан кешірім сұраймын».

Қыздың айтуынша, 1 миллионды алған ер адам оның танысы. «Мен жайлы кімнің хабарлағанын білемін. Әр адам өз миллионын түрлі жолмен табады», - деді А. Щелупанова.

Анастасияның адвокаты Қанат Мақыжанов сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Оның қорғауындағы қыз кепілдікпен босатылған.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, жалған ақпаратшыны іздеу үшін  1,5 миллион теңге шығын келген. «Тікелей шығын - 1 миллион 480 мың теңге. Бұл сомаға сыйақы және БАҚ-қа хабарландыру беру секілді жанама шығындар кіреді.  Сатылым бойынша шығынды есептеу қиын. Қатты күйреуге ұшыраған жоқпыз. Бірақ, моральді түрде зардап шектік», - деп атап өтті Е.Әшім.

Оның айтуынша, «компания шығын өтеуді талап етпейді». Аудиожазба жөнінде ғана келісімге келгенін, СМС туралы істі соңына дейін жеткізетінін айтты. 

Еске сала кетейік, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Еркіндік ауылында түйнеме ауруының шығуы анықталды. Ауыл тұрғыны ауру сиырды сойып, оның етін жақындары мен көршілеріне таратып берген.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түйнеме ауруы болуы мүмкін 11 адам жатқызылды. Зертханалық жұмыстар 8 адамның ауруын анықтады. Екі адам - 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам қайтыс болды.

ТЖ жөнінде ҚР ҚК 327 бабы - «Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiк аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу» және ҚР ҚК 317 бабы - «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында, аймақтағы төтенше жағдайға қатысты жиналыс өткізді. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне, Қарағанды облысының басшылығына бірқатар тапсырмалар берді.