Қарағандыда «Тарихтың үнсіз куәгерлері» көрмесі ашылды

Мұнда мұражайдың ашылуынан бастап 1978-ші жылдан бері жиналған ең қымбат жәдігерлері қойылған, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты .
Көрмеде Ұлытау-Жезқазған аймағының тарихымен танысуға болады. жәдігерлері бар стендтер келесі тақырыптар бойынша бөлінген: «Сарыарқаның көне жолдары», «Ескерткіштер - тарихтың үнсіз куәгерлері», «Уақыт үндестігі».
- Біздің мұражай 1978-ші жылы құрылған. Бүгінгі күні онда 50 мыңнан астам жәдігер бар. Олардың ішінде сирек кездесетін дүниелер де табылады. Бұл көрмеге біз 70 жәдігер алып келдік. Олардың барлығы - түпнұсқа. Биылғы жылы бізде «Тарихта өз атыңды қалдыр» деген акция өтті. Ол акция шеңберінде Тайжан Қалмағамбетовтың ұрпақтары біздің мұражайға оның сырнайын қалдырған еді. Оны да осында алып келдік, - дейді Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының директоры Раушан Қаппарова.
Көрмеге келушілер былғарыдан, қазақ халқының ағаш пен металдан жасалған ыдыстарын, қымыз сақтауға арналған құмыра, бие сүтін құятын былғары ыдысты, кеселерге арналған құтылар, ерлердің белдіктері, әйелдердің әшекейлерін көре алады.
Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының көрмесі 17-ші шілдеге дейін жалғасады.