Қарағандыда Татуластыру орталығы ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Кәсіподақтар үйінде Татуластыру орталығы ашылды, ол медиация негізінде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
None
None

 Осыған дейін ҚР Жоғарғы соты мен Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы бітімгерлік іс-әрекетінде өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойған болатын. Қазақстанда медиацияны дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. 

Татуластыру орталығы барлық күш-жігерін дауды сотқа дейін шешу, шиеленістерді, оның ішінде еңбек саласындағы шиеленістерді шешуге бағыттайтын болады. Оған қоғам қайраткері және кәсіби медиатор Татьяна Савицкая басшылық етеді. 
Орталықта отбасылық және іскерлік әңгіме құруға арналған бөлмелер бар. 

- Бүгінде облысымыздың барлық соттарында сот медиациясы ретінде татуластыру процедураларын өткізуге арналған кабинеттер бар. Медиация орталығы Қарағанды қаласындағы Достық үйінде қызмет етеді. Аудандық және ауылдық әкімдіктердің жанында кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен татуластыру процестерін өткізуге арналған 77 кабинет ашылған, - деп атап өтті Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Сейдалина. 

 Республикамыздың аудандық соттарында азаматтық дауларды қарастыруда «Соттағы татуластыру процедуралары» пилоттық жобасы іске қосылды. Оған Қарағанды облыстық соты мен Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық соты қатысты. 

Татуластыру орталығы Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 5, 202 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан. 
Телефондар: 8 (7212) 41 31 34; 8 708 436 36 96.

Айта кетер жайт, аз қамтылған азаматтар, мүгедектер және зейнеткерлер бұл қызметтерді тегін пайдалана алады. Бірқатар азаматтар санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар