Қарағандыда телефон ұрлығына күдікті қолға түсіру кезінде қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ұялы телефон ұрлады деген күдікті қолға түсіру кезінде қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тергеу нұсқасына қарағанда, қолға түспеу үшін ол басын асфальтқа соға берген. Оқиға Қарағандының 23-шағын ауданында 8 қараша күні 22:30-да болған. ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, Қарағандының 19 жастағы тұрғынын белгісіз ер адам ұрып-соғып, телефонын алып кетеді. Осы факті ҚР ҚК 191-бабымен («Ұрлық») тіркелді. Күдіктінің 25 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Полиция оны 23-шағын аудандағы №15 үйдің маңынан тапқан кезде, күдікті жазадан құтылу үшін телефонды лақтырып жібереді.

Қашпақ болған күдікті полиция қызметкерлеріне пышақ кезеген. Полицейлердің бірі самбо тәсілімен оны жерге жығады, сол кезде ол басын асфальтқа бірнеше рет соғып, өзін-өзі өлтіреді.

Күдікті өлімінің себептерін анықтау үшін сараптама белгіленді. Мерт болған 25 жастағы күдіктінің артында әйелі мен екі жасар баласы қалды.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram