Қарағандыда терминалдан көп мөлшерде ақша ұрлаған деген күдікпен үш жігіт қолға түсті

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Шілденің 4-і нен 5-іне қараған түні тәулік бойы жұмыс істейтін «Юбилейный» дүкенінде орналасқан екі терминал монтировканың арқасында ашылған, дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінде. 206 000 теңге ақша ұрланған. Терминалдардың зақымданғанын есептегенде, жалпы шығын 300 000 теңгені құрайды.
«Полиция орталық бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмысқа күдікті Қарағандының үш тұрғыны ұсталды. Олардың бірі, 23 жастағы жігіт Қарағанды қаласы ІІБ уақытша қамау изоляторына жабылды. 17 жастағы қалған екі жігіттен қаладан шықпау туралы қолхат алынды. Ұрланған ақшаның жартысы тәркіленді», - деп мәлімет берді облыстағы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Аталмыш факт бойынша қылмыстық із қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.