Қарағандыда тілсіз жаудың салдарынан 1 жасар сәби шетінеді - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Қарағандыда жекеменшік тұрғын үйде болған өртте 1 жасар бала шетінеді, тағы үш адам түрлі күйік жарақаттарын алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт өткен жексенбі, қаңтардың 10-ы күні Қазыбек би ауданындағы Посадочная көшесіндегі екі пәтерлі үйдің 150 шаршы метр аумағынан шыққан.

Тілсіз жау салдарынан күйік шалған 2009 жылы туған нәресте ауруханада қайтыс болса, медицина мамандарының қадағалауына тағы үш адам жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар