Қарағандыда Ұлттық гвардия қызметкері өзін-өзі атып өлтірді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда әскери қызметші атылған күйінше табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 19 қыркүйек күні сағат 16:00-де Қарағанды қаласы 6505 әскери бөлімі келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі, кіші сержант Тимур Гурманов өзін-өзі басынан атқан.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы орталық өңірдің әскери прокуратурасы мен ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасынан хабарлады.

Ведомствода атап өткендей, 22 жастағы әскери қызметші бойдақ болған. Ол 2014 жылдан бері келісімшарт бойынша жұмыс істеген. 

Соңғы жаңалықтар