Қарағандыда ұрылар небәрі 10 минуттың ішінде қараусыз қалдырылған көліктің ішінен 20 мыңнан астам АҚШ долларын алып кетті
ҚАРАҒАНДЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында «Митсубиси» көлігінің иесі дүкенге небәрі 10 минутқа кіріп, 20 мыңнан астам АҚШ долларынан айырылды.
Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды. Полицияның ақпаратынша, ұрлық 9 шілде күні Қарағандыдағы Пичугин көшесінде орналасқан дүкеннің қасында болды. «Қаскөйлер «Митсубиси» көлігінің шынысын сындырып, ішінде 1,5 млн. теңгеден астам және 10 мың АҚШ долларынан астам ақша болған сөмкені ұрлап әкетті. Көлік иесінің айтуынша, ол небары 10 минутқа ғана шығып кеткен», - делінеді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жәбірленушінің айтуынша, ақша ЖШС-нің бірінікі.
«Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 175 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.