Қарағандыда үш адамға оқ жаудырған 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды полицейлері ер адамды өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
31 тамыз күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы Октябрь ауданының Бабушкин көшесіндегі қалалық ауруханаға оқтан жараланған үш адам түсті. Жәбірленушілердің бірі алған жарақатынан көз жұмған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабымен сот алдындағы тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікке ілінген қаланың 31 жастағы тұрғынын ұстады.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізіліп отыр.