Қарағандыда үш апта бұрын жоғалған әйелдің мәйіті табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда осыдан үш апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 27 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Марқұмның денесінде пышақ жарақаты бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда үш апта бұрын жоғалған әйелдің мәйіті табылды

27 наурыз күні Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданындағы орманда бұрын із-түзсіз жоғалғандар санатында болған, денесінде пышақ жарақаты бар 27 жастағы азаматшаның мәйіті табылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы күдікті анықталды. Ұсталған азаматша 5 наурыз күні жәбірленушімен екеуара үйде шыққан жанжал барысында оны пышақтап, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті көміп тастағанын айтып, қылмысын мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.