Қарағандыда үш жасар бала газдан уланып қайтыс болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде газдан уланған үш жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2013 жылы дүниеге келген баланы құтқару мүмкін болмады. Ол облыстық балалар клиникалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса.

Баланың анасы басқа ауруханада жатыр, ол екінші ұлынан айырылғанын әзірге білмейді. Оның бес жасар үлкен ұлы жекеменшік тұрғын үйде пештің ақауы салдарынан көмірқышқыл газына уланған. Тұрғын үйде орнатылған пеш Қарағанды облысының Осакаровка кентіндегі жұмысшығы тиесілі болған.

Еске сала кетейік, 22 наурыз күні Қарағанды облысы Қазыбек би ауданында жекеменшік үйде көмірқышқыл газдан уланып, бес жасар бала қаза тапқан еді. Ажал құшқан ер бала аудандық орта мектептің мектепке дейінгі даярлық сыныбында білім алып жүрген. 1985 жылы туған әйел Қарағандыдағы облыстық медициналық орталыққа, 2013 жылғы бала клиникалық ауруханаға жеткізілген. 

Соңғы жаңалықтар