08:11, 28 Маусым 2018 | GMT +5
Қарағандыда «ВелоТүн» спорт ойындары өтеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бесінші «ВелоТүн» спорт ойындары өткелі отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ең алдымен қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулар береміз. Қатысушылар көлік жолына шығып кетпеуі тиіс. Биылғы алғашқы ВелоТүн 2 маусым күні өтті, келесі ойындар 30 маусымда болады», - дейді ұйымдастырушылардың бірі Антон Кнаус.
Бағдар қаланың орталығынан өтеді. Командалар түрлі тапсырмаларды орындайды. Оған жарнасын төлеген, жасы 18-ден асқан кез келген ойыншылар қатыса алады. Қатысу жарнасы велосипеді барлар үшін - 1500 теңге, ал велосипед жалға алушыларға - 2500 теңге.
30 маусым күні 22:00-де «Мәңгілік алау» мемориалында қатысушыларды тіркеуге алу басталады. Командалар 5-7 адамнан құралады. Ойынның мәресі таңғы 5-те жарияланады.