Қарағандыда WFCA жауынгерлік лигасының турнирі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WFCA жауынгерлік лигасының (35-нөмірлі) шет елдегі алғашқы турнирі 1 сәуір күні Қарағанды қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның шеңберінде 12 жекпе-жек өтетін болады. Кештің басты айқасы - ұйымның жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Хусейн Халиевтің Bellator атағына экс-үміткер Дэйв Янсенге қарсы рейтингілік жекпе-жегі, деп жазады Sports.kz.
Бұдан басқа, Қазақстандағы турнирде WFCA-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Саид Нурмагомедов пен осы салмақтағы Grand Prix Akhmat-2016-ның финалисі Абдул-Рахман Дудаев күш сынасатын болады.
Айта кетейік, бастапқыда турнир 25 наурыз күні Астанада өтуі тиіс болды. Нәтижесінде ұйымдастырушылар шараны Қарағандыға ауыстыруды шешті.