Қарағандыда жәбірленушіні сот процесінің алдында «сатып алмақ» болған қорғаушы ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жәбірленуші тарапты сот процессінің алдында сатып алмақ болған қорғаушы ұсталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда жәбірленушіні сот процесінің алдында «сатып алмақ» болған қорғаушы ұсталды

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына белгісіз бір қорғаушының заңсыз әрекеті туралы ақпарат түсті. Белгілі болғандай, заңгер аса ауыр қылмыс бойынша жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған. Ал қылмыс жасаған айыпталушы тарап қорғаушыға қомақты қаражатқа жәбірленушінің жауабын өзгертіп, сотта жалған жауап беруін өтінген. Сондықтан да қорғаушы айыпталушы тараптың бұл ұсынысына көніп, арада делдалдық қызмет атқарған.

«22 қазан күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында 6,5 миллион теңге және 2900 АҚШ доллары ақшасын алғаннан кейін 36 жастағы қорғаушы ұсталды. Полиция қызметкерлері оның көлігін тінту барысында тағыда 3100 АҚШ доллары тәркіленіп алынды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 422-бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.



Фото: polisia.kz