Қарағандыда жаңа ипподром салынады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағандыда жаңа ипподромның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр, деп хабарлайды ekaraganda.kz">ekaraganda.kz облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап.

Қарағандыда жаңа ипподром салынады

Басылымның хабарлауынша, Қарғандыға ипподром салу туралы әңгіме бірнеше жыл бұрын қозғалған. Жаңа кешенде ат спорты түрлері дамытылмақ.

Қазақстанда жыл сайын «Алтын тұлпар» ат спорты турнирі өтіп тұрады. Аталған жарыста қарағандылықтар сан мәрте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген.

Жоспарға сәйкес, жаңа атшабар Қарағандының Оңтүстік-Шығыс тұсында орналасатын болады.

Жоба жекешелік серіктестік аясында іске асырылады. Құрылыстың құны әзірге айтылған жоқ.