Қарағандыда жаңа кафедралды шіркеу ашылды

  АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда католиктердің кафедралды шіркеуінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Рим Папасының уәкілі, Киелі Тақ кардиналдар алқасының деканы, кардинал Анджело Содано,

Қарағандыда жаңа кафедралды шіркеу ашылды

сонымен қатар Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов, Қазақстандағы Ватикан елшісі   Мигель Маури Буэндия және ҚР Дін істер жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф  арнайы қатысты.

«Бұл үлкен оқиға. Бұл Қарағанды үшін, Қазақстан үшін және бүкіл Орталық Азия үшін зор салтанат. Бұл - барлық халықтар үшін зор діни бостандық туралы жолдау», - деп атап өтті кардинал Анджело Содано.

Оның айтуынша, Азияның қақ жүрегінде орналасқан Қазақстанда дін бостандығы еркін орнағандығын Еуропада да, Америкада да біледі.

Өңір басшысы Ә.Құсайынов католиктерді осы маңызды оқиғамен құттықтады.

Ал Қарағанды епископы  Януш Калето Қазақстан басшылығына, әсіресе, Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қарағанды облысының басшылығына осы шіркеуді салуға қолдау білдіргендіктері үшін алғысын жеткізді. Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен католик шіркеуі екендігіне тоқталған ол: «Оның құрылысына бүкіл әлем атсалысты, Қазақстан, Германия, Австрия, Швейцария, Америка, тіпті Оңтүстік Африкадан да қайырымдылық қаржысы құйылды», деді.

«Қазақстан Республикасында барлық конфессиялар дамуда. Біздің елде дінге сенушілер арасында ешқандай жанжалдар жоқ», деп атап өтті өз кезегінде ҚР Дін істер жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф.