Қарағандыда жаңа стадион салынады
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінекеев өзінің Твиттердегі парақшасында Қарағанды қаласындағы құрылыстың жоспарларымен бөлісті.
Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
«Қаланы салудың бас жоспарында жаңа стадион болмақ», - деп жазады халық қалаулысы.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда қарағандылық «Шахтердің» стадионы УЕФА талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, олар Чемпиондар лигасындағы ойындарын Астанада өткізуде.