Қарағандыда жастар Азиадаға арналған «Біз - спортшы елміз» bus-моб шарасын өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда жастар Қазақстандағы 7-Қысқы Азия ойындарына арналған «Біз - спортшы елміз» bus-моб шарасын өткізді.

Қарағандыда жастар Азиадаға арналған «Біз - спортшы елміз» bus-моб шарасын өткізді

«Біз еліміздің осындай жоғары деңгейлі халықаралық жарыстарды өткізу мәртебесіне ие болғанын мақтаныш тұтамыз. Бұл Қазақстан жетістіктерінің әлемдік деңгейде жоғары бағалануын көрсетеді. Бұл тек спорттық әлеует қана емес, сонымен қатар халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге барлық жағдайды жасап отырған Қазақстанның экономикалық қуатының да көрінісі», - деп атап өтті Қарағанды облыстық Жастар бастамалары орталығының қызметкері Екатерина Бойнова.

Акция қаланың автостансыларының бірінде бастау алды. Азиада эмблемасы бейнеленген киімдер киген студент-еріктілер өткен-кеткенге Азиада туралы ақпараттық буклеттер таратты. Одан кейін акция автобустарда жалғасын тапты. Волонтерлер үш бағыт бойынша жүріп өтіп, жолаушылар арасында Азиада туралы білімге қатысты викториналар өткізді. Жеңімпаздарға 7-Қысқы Азия ойындарының эмблемалары бар баспа өнімдері тапсырылды.