19:58, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қарағандыда жастар ұйымдары «Біз өз дауысымызды береміз!» акциясын өткізді
ҚАРАҒАНДЫ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Бүгін Қарағанды қаласында жастар ұйымдары «Біз өз дауысымызды береміз!» акциясын өткізді.
Еріктілер қаланың орталық көшелерінде өтіп бара жатқан кісілерге сайлаушылардың құқықтарын түсіндіретін үнпарақтар таратты.
«Біз әрбір азамат өз ұстанымын көрсетіп, алдағы ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депуттарын сайлауға қатысуы тиіс деп санаймыз. Сондықтан осындай үгіттік акциясын өткізуді шештік», - деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының жетекшісі Нұркелді Омарханов.
Еріктілер акция сайлаушылардың келуінің көбеюіне себепші болады деп есептейді. «Оның мақсаты - азаматтардың алда келе жатқан сайлау туралы ақпараттандырылуын жоғарылатып, дауыс берудің маңыздылығын атап көрсету», - деп мәлімдейді ұйымдастырушылар.