Қарағандыда Жастар жылы басталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Қарағандыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және жалынды жастар» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.
Шара қонақтары - осы салада жетістікке жеткен адамдар: қаланың Құрметті азаматтары, Елбасының замандастары, кәсіпкерлер болды.
Мерекелік концертке Arizona би ансамблі, музыканттары президенттік оркестр құрамына кіретін Baizhan group вокалдық-аспаптық квартет секілді астаналық ұжымдар қатысты.
Форумға қатысушылар елімізде Президенттің бастамасымен жүргізілетін Жастар жылының басталуын жариялады. Қарағандылықтар #NURQADAM_KRG хэштегін іске қосты, бұл атаумен жастар түрлі салалардағы жетістіктері мен жеңістері жайлы жазған мақалалары мен жазбаларын жариялайтын болады.
Акция қорытындысы 2019 жылдың 1 желтоқсанында жасалады.