Қарағандыда жаяу әйелді қағып өлтірген экскаватор жүргізушісі қашып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 29 наурыз күні Қарағанды қаласының Магнитогорск көшесіндегі автобус аялдамасының маңында экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Қарағандыда жаяу әйелді қағып өлтірген экскаватор жүргізушісі қашып кетті
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жол апатынан 62 жастағы әйел оқиға орынында мерт болған.

Ал оны қағып кеткен жүргізуші ол жерден қашып кеткен. Аталған дерек бойынша қалалық полицияның барлық жеке құрамына бағыттама берілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікпен 61 жастағы экскаватор жүргізушісі ұсталды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.