Қарағандыда «Жаз энергиясы» сегізінші граффити байқауы өтеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жыл сайын өтетін «Жаз энергиясы» граффити байқауына қатысуға өтініштар қабылдау басталды. Биылғы жылы Қарағандыда бұл байқау сегізінші рет өтеді. Жеңімпаз сыйлық ретінде 150 мың теңге алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жаз энергиясы» байқауын Қарағанды Жарық компаниясы өткізеді. Қатысушыларға қаладағы трансформаторлық бекеттерге сурет салуға мүмкіндік беріледі. Суретшілер байқауда ұсынылған бірнеше тақырыптың ішінен өзіне ұнағанын таңдай алады: «Электр қуаты қауіпті!», «Қиял-ғажайып әлемі - мен стиль сыйлаймын», «Футбол бойынша Әлем чемпионаты», «Астана - арман қала» және «Қарағанды Жарық - 15 жыл бірге».
Ұйымдастырушылар қатысушыларға келіп-қайту жолақысы мен жататын орынның төлемін өтеп, аэрозольдік баяуларды береді. Байқаудың бас жүлдесі - 150 мың теңге. Ақшалай сыйлықты сонымен қатар 1,2 және 3 орын иеленгендер алады - 100 мың, 70 мың және 50 мың теңге. Бұған қоса, «Қарағанды Жарық» компаниясының директоры атынан сыйлық тағайындалған - 150 мың теңге.
Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне алдын ала жұмыс эскизін жіберіп және graffiti.k-zharyk.kz мекенжайында өтініш толтыру қажет. Эскиздер 31-ші шілдеге дейін қабылданады.
«Жаз энергиясы» жас граффити-суретшілердің байқауы алғаш рет Қарағандыда 2011-ші жылы өткен. Жыл сайын ол Қазақстан мен Ресейдің түрлі қалаларынан командалардың басын қосады. Байқаудың тарихында суреттер қаламыздың 250 трансформаторлық бекеттерінде салынды.
2017-ші жылы «Жаз энергиясы» байқауына Қарағанды, Алматы, Астана, Павлодар, Санкт-Петербург және Екатеринбургтен 34 қатысушы келіп бақ таластырды.
Граффити - бүгінгі таңда қазіргі заманғы дербес жанр, мәдениет пен қалалық өмірдің ажырамас бөлігі. Көптеген елдер мен қалаларда өз шаһарларында нағыз өнер туындыларын жасайтын танымал суретшілері бар. Кейбір адамдар үшін граффити - галереялар мен көрмелерге қоюға лайықты нағыз өнер, ал кей адамдар үшін - ол вандализм.
«Жаз энергиясы» ұйымдастырушылары байқау жас суретшілерге заңды түрде граффитимен айналысуға мүмкіндік беретінін атап айтты.