Қарағандыда жазасын өтеушілер Наурыз мейрамына орай салмағы 57 келі торт пісірді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/5,20 мекемесінде сотталғандар Наурыз мерекесіне орай әзірленген дастарханға көлемі мен салмағы бойынша ерекше тағамдар дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
АК-159/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар «Наурыз» мерекесі қарсаңында 57 килограмм торт пісірді. Көлемді тәттіні пісіруге 150 жұмыртқа, 5 кг қант, 12 литр сүт, 15 кг ұн және 3 кг май қажет болды. Тортты пісіруге 6 сағат кетті, сонымен қатар оны безендіруге аспаздар 5 сағат уақыт жұмсаған екен. Олар тортты жаңғақтармен, шоколадпен және түрлі-түсті ақуызбен безендірді.
Торттың ұзындығы мен ені 1,40 метрден 0,70 метрге дейін, салмағы 57550 грамм болды. Меркелік тәтті сый осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында таратылды.
АК-159/20 сотталған мекемесінде тағы бір ерекше тағам дайындады. Қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан әйелдер қамырға 3 метрлік шұжық орап қуыруды. Өткен жылы осы мекеменің сотталушылары ең үлкен бауырсақ дайындаған болатын. Биыл олар басқа кондитерлік өнім дайындатуралы шешім қабылдадық дейді.
«Наурыз – бұл ең алдымен әр шаңырақтағы жылулық пен көктемнің басталуын білдіретін отбасылық мереке. Бұл мерке қарсаңында біз шұжықты қамырға орап қуыруды шештік, себебі бұл біздің аналарымыз тамақ дайындаған кезде үйдегі жайлылық туралы естеліктермен байланысты. Пісіру процесі сәтті өтті. Бастапқыда біз қамырдағы осындай ұзын шұжықты қалай қуыратынымызды ойладық. Біз әр шұжықты жіпке түйреп шықтық, содан кейін оны қамырмен орадық. Ол ерекше ұзын болғандықтан, әрине, оны толығымен пісіру мүмкін болмады. Қуыру үшін қолайлы контейнер болмағандықтан біз оны 1,5 метрге екі бөлікке бөліп, біртіндеп маймен контейнерге қуырдық. Басынан аяғына дейін оны барлық жағынан ұстап, біркелкі қуыру үшін аудару керек болды. Алынған екі бөлікті қамырмен бір-біріне бекітіп, ыстық маймен құйып қуырдық. Нәтижесінде бізде ұзындығы 3 метр 10 сантиметр болатын тұтас қамырға оралған шұжық шықты», - деді АК-159/20 мекемесінің сотталушысы.
Бұл тағам да осы мекемеде жазасын өтеп жатқандардың мерекелік дастарханын безендірді.