Қарағандыда Жеңіс күні қарсаңында ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне 80 мың теңгеден беріледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында Қарағандыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 80 мың теңге көлеміндегі материалдық көмекке ие болады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Қарағанды қалалық мәслихат сессиясының қаулысымен Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 80 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсету белгіленді», - делінген хабарламада.

Қалалық билік өкілдерінің мәліметінше, бүгінде Қарағандыда Ұлы Отан соғысының 214 ардагері мен мүгедегі өмір сүреді.

«Соғысқа қатысқандарға теңестірілген қарағандылықтарға (блокадашылар, тұтқындар, жалданбалылар) 5 000 теңгеден төленеді. Тыл еңбеккерлері мен соғысқа қатысушылардың жесір әйелдері 3 000 теңгеден алады», - деп қосты қала әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Жалпы Жеңіс күні қарсаңында материалдық көмек көрсету үшін қалалық бюджеттен 44,5 млн. теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар