Қарағандыда жер үйде болған өрт орнында ер адамның денесі табылды, 19 бас мал жойылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағандыда жекеменшік тұрғын үйде болған өрт орнында ер адамның мүрдесі табылды, 19 бас мал жойылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Қарағандыда жер үйде болған өрт орнында ер адамның денесі табылды, 19 бас мал жойылды - ҚР ТЖМ

Бүгін сағат 02:15-те Қарағандыда Жаңа ауыл елді мекеніндегі №1 жекеменшік тұрғын үйдің бөлек тұрған шаруашылық нысандары жана бастады.

Жалын 50 шаршы метр аумаққа тарады. Онымен күрес кезінде тұлғасы анықталмаған ер адамның мәйіті табылды, сондай-ақ өрт салдарынан 14 ірі қара мал, 5 ұсақ мал қырылды.

Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД-нің 7 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.