Қарағандыда «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысы 6 жылға сотталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтық жасау фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
None
None

ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті 2015-2019 жж. Қарағанды магистральдық желі филиалы станцияларындағы қоршау жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б. жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жалпы сомасы 57 млн астам теңге көлеміндегі қаражатын жымқырғаны анықталды.

Жүргізілген тергеу амалдарының арқасында шығынның бюджетке толық көлемде өтелуі қамтамасыз етілді.

Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.


Соңғы жаңалықтар