Қарағандыда жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза болды

«Қарағанды қаласындағы Гоголь көшесінің бойында болған жол көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы, 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты 4 ақпанда болды. Ведомствоның мәлімдеуінше, «Audi» автокөлігінің иесі кондитерлік фабрикаға қарай бет алып бара жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Ол «Мерседес-Бенц» автокөлігімен соқтығысқан соң, «Audi» жолдың басқа шетіне ұшып кетіп, өтіп бара жатқан полицияның қызметтік «УАЗ» маркілі көлігіне соғылған.
Жол апаты салдарынан «Audi» көлігінің жүргізушісі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Ал қызметтік көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда сәйкесінше сараптамалар жасалып, тергеу жұмыстары өткізілуде.