Қарағандыда жол апатынан 59 жастағы әйел мерт болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Қарағанды қаласының айналма жолында жүк көлігі мен «Нива» соқтығысты. Апат салдарынан 59 жастағы әйел мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көлік апаты бүгін, 12 қыркүйекте, таңғы сағат 9.30-да Қарағанды қаласының шығыс айналма жолында, Доскей және Көкпекті кенттері арасында, ЖЭО жанында болды. 25 жастағы ер адамның басқаруындағы «Нива» маркалы автокөлігі «Scania» жүк көлігімен соқтығысқан.
«Атап салдарынан «Нива» автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді, осы көліктің 59 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Фото: www.instagram.com/dorogi_karagandy