Қарағандыда жол апатынан жүргізуші мен 10 жастағы бала мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Абай қаласы маңында микроавтобус жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, жеңіл көлікпен және жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Тойота маркалы жеңіл көліктің ішіндегі жүргізуші мен 10 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қайғылы оқиға бүгін сағат 15.00 шамасында Абай қаласынан 1 шақырым жерде болды.

Полицейлердің мәлімдеуінше, 39 жастағы Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласынан шғып бара жатып, алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Avensis және Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Avensis автокөлігінің 10 жастағы жолаушысы оқиға орынында мерт болды. Mercedes-Benz Sprinte және Toyota Avensis автокөліктерінің жолаушылары ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасы болған жолдың бөлігі уақытша жабылды.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.


Соңғы жаңалықтар