Қарағандыда жол полициясы көлігінің муляжын қиратып кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автожолында көлік апатын үшін қойылған полиция автомобиліне ұқсас пішінді бұзақылар қиратып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» компаниясына сілтеме жасап.
«Бұл патрульдік көлік пішіндері бір апта бұрын «Қарағанды - Аягөз – Бұғаз» автожолының 55 және 85-шақырымдарына орнатылған еді. Өйткені бұл аралықты қыраттар көп және көлік қозғалысы дұрыс көрінбеуі қаупі бар.
Аталған муляждар жол-көлік апатының азаюына, адамдарды қауіптен құтқаруға септігі тиеді. Алайда бүгін оларды белгісіз біреулер қиратып кетті», - деп хабарлады «Қазақавтожол» компаниясы.
«Қазақавтожол» республикалық маңызы бар автокөлік жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыруға міндетті екенін атап өтті.
Қолға алынған қауіпсіздік шаралары нәтижесінде жол-көлік апаты өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға төмендеген.
Компания жүргізушілерді азаматтық жауапкершілік танытуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

