Қарағандыда жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеуге бағытталған компьютерлік графика конкурсы өткізілуде

ҚАРАҒАНДЫ.   Қыркүйектің  7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда     облыстық   Ішкі істер   департаменті  жол  полициясы  басқармасының,  облыстық  білім  басқармасы мен  Жас зерттеушілер  кіші академиясының   жол қозғалысы  ережелерін  сақтауды насихаттауға  бағытталған   бірлескен  жобасы    басталды, 
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компьютерлік  графикадан  оныншы  рет  өткізіліп  отырған «Болашаққа  қадам,  ЮНИОР» ашық конкурсы   биыл  «Абайла -  жол қозғалысы!»,  «Балалар  - жолда»»     тақырыптарына арналған.    Конкурс оқушылардың арасында  өткізілуде.  «Жобаның мақсаты - өскелең  ұрпақты жолда  жүру    мәдениетіне  тәрбиелеу,    жол қозғалысы  ережелерін   таныстыру  және насихаттау,     балалардың  жарақаттану    оқиғаларының   алдын алу,   сондай-ақ  заманауи компьютерлік  технологияларды игеруде   оқушылардың  креативті  ойлау қабілетін  қалыптастыру»,  деп  атап көрсетті  Жол полициясы басқармасының  баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар