Қарағандыда жолды қардан тазаламаған мекеменің басшылары жазаланды
Жаңа жылдың алғашқы күндері Қарағанды облысы қар көп жауып, маңызды автожолдарда қозғалыстар ішінара шектелді.
Осы күндері Қарағанды облысының ПД әкімшілік полиция қызметкерлері жауын-шашын түскен кезде облыстың автожолдардағы жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізді, сондай-ақ жол-коммуналдық қызметтері мен органдарының жұмысын үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырды.
«Қабылданған шараларға қарамастан, кейбір автожолдарда тәртіп сақшылары жолдарды қар құрсауынан уақтылы тазаламау фактілерін анықтады. Коммуналдық қызметкерлер мұны арнайы техника санының жетіспеушілігімен және ауа райының қолайсыз жағдайларымен түсіндірді. Осыған байланысты, автожолдарды ұстау ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін, көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етпеген, көрсетілген кезеңде Қарағанды облысының ПД әкімшілік полиция қызметкерлері «Казахавтодор» ЖШС ҚОФ директорының м.а., «КазАвтоЖол» ҰК АҚ «Ақылы жол дирекциясы» учаскесінің бастығы, «Казахавтодор» ЖШС ДЭУ-46 бастығы және «Казахавтодор» ЖШС ДЭУ-42 бастығын ҚР ӘҚ Кодексінің 631-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» - делінген полиция хабарламасында.