09:21, 04 Мамыр 2010 | GMT +5
Қарағандыда жүк көлігі мен маневрлік пойыз соқтығысып қалды, адам шығыны бар - ТЖМ
СТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Қарағандыда жүк көлігі мен маневрлік пойыз соқтығысып қалды, адам шығыны бар.
Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес кеше, мамырдың 3-і күні таңертеңгі сағат 9.15-те Октябрь ауданындағы Расков көшесінде«HOVO» автокөлігі мен «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-ға тиесілі маневрлік тепловоз (№8844) соқтығысып қалған. Автомашинаның 49 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.