Қарағандыда журналистерге облыс әкімінің сыйлығы табыс етілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығы табыс етілді. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарланды.
None
None

«Өңірімізде жерлестерінің жоғын жоқтайтын дарынды, жоғары білікті журналистер көп.  Маңызды және күнделікті оқиғалар туралы хабар тарату арқылы олар адамдардың өмірге белсенді араласуына, жаңалықтардан хабардар болуына жәрдемдеседі», - деп журналистерді кәсіби мерекесімен аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтады.

Биыл байқау комиссиясының шешімімен 10 жергілікті және республикалық БАҚ қызметкері түрлі аталымдарда «Алтын сұңқар»  сыйлығына ие болды.

«Кәсібіне деген адалдығы үшін» аталымында БАҚ ардагері, ҚР журналистер одағының мүшесі Айқынбек Несіпбай жеңіске жетті. Ауыл тақырыбында хабар таратқаны үшін «Қарқаралы» аудандық газеті редакторының орынбасары Аян Кизкин, өндіріс тақырыбында хабар таратқаны үшін теміртаулық журналист «Вечерняя газета» тілшісі Лидия Фролова сыйлыққа ие болды. «Үздік шығармашылық жұмыс» аталымында  «Новый Вестник» газетінің корреспонденті Анастасия Машнина сыйлыққа лайық деп танылды.

«Қарағанды журналистикасының дамуына қосқан үлесі үшін» ақын, журналист Серік Ақсұңқарұлы облыс әкімінің 1 млн теңге көлеміндегі арнайы сыйақысына ие болды. 

Соңғы жаңалықтар