Қарағандыда жүзден астам жер телімдері саудаға салынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 111 бос жер телімі саудаға салынды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты. 

Қарағандыда жүзден астам жер телімдері саудаға салынды

Атап айтқанда, Федоров су қоймасының жағалауында билік өкілдері кәсіпкерлерге демалыс орындарын жасауды ұсынып отыр. Қазыбек би атындағы ауданда баспа өнімдерін және халық тұтынатын тауарларды сататын дүңгіршектерге арналған орындар бар. Октябрь ауданында спорттық-сауықтыру орталықтары, балабақшалар, көпқабатты үйлер, автокемпингтер және жол бойындағы қызмет нысандарына арналған жер телімдері саудаға қойылады. Жаңа сауда үйлер, көпқабатты үйлер мен балабақшалар салуға арналған учаскелерді Оңтүстік-Шығыс шағынауданында да алуға болады. 

Қала әкімдігінде мәлімделгендей, аталмыш бос жер телімдері қажетті құжаттар әзірленген соң саудаға салынады. 

Жер телімдерінің толық тізімі Қарағанды әкімдігінің сайтында орналастырылған.