Қарағандыда жылымай отырған үйлер: Жылумен жабдықтау температурасы көтерілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыны жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-3 белгіленген режимге шыға бастады. Бүгінгі таңда қаланың көптеген аудандарында орталық жылумен жабдықтау температурасы жақсарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда жылымай отырған үйлер: Жылумен жабдықтау температурасы көтерілді

Негізгі проблемалық аймақтар Сұрыптау және Федоровка шағынаудандары болатын. Бірақ бүгінгі күні осы аудандардағы жылумен жабдықтау жүйесі біртіндеп белгіленген режимге өтуде.

«Теплотранзит Караганда» ЖШС хабарлағандай, 7 қаңтарда Орлов көшесіне жылу беру 68°C, ал Юбилейная көшесіне 65°C құрады.

Сұрыптауда жылу температурасы 6 қаңтарда 62°C, ал 7 қаңтарда 71°C болды.

Компания жақын арада үй ішіндегі температура қалыпқа келуі керек деп уәде береді.

Бүгінгі күні ЖЭО-1-де температуралық кестеге сәйкес 105°C белгеленген, іс жүзінде ол 101°C құрап отыр.

ЖЭО-3 екі кезек бойынша 115°С, іс жүзінде бірінші кезек бойынша 97°C, екінші кезек бойынша 108°C берілген.

Айта кету керек, Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес, жеткізу құбырындағы температураның ± 3% ауытқуына жол беріледі.

Сондай-ақ, «Теплотранзит Караганда» ЖШС сыртқы ауаның нақты температурасы және үй-жай ішіндегі температура бойынша қызметтердің құнын қайта есептеу қағидаларына сәйкес жылыту үшін қайта есептеу жүргізілетінін хабарлайды.

ПИК төрағалары немесе үй бойынша жауаптылар элеватор тораптарындағы параметрлерді көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабарлай алады:

79-22-87 Қала

31-87-95 Оңтүстік-Шығыс

78-10-98 Пришахтинск

37-47-90 Майқұдық, Сұрыптау.

Қайта есептеу берілген параметрлерге сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ, қарағандылықтар тұрғын үй ішіндегі температура туралы да мәлімет бере алады.

ПИК немесе КСУ жоқ үйлерде тұрғындар пәтерлердегі температураны WhatsApp нөміріне өздері береді: 8-775-644-10-70 (баспасөз қызметі). Қайта есептеу пәтерлердегі температура 21°C болғанша барлық күндерге жүргізіледі.

Қарағанды әкімдігі қаланы жылумен қамту сапасы туралы мәселені бақылауда ұстап отыр.