Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйде өрт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйде өрт болды

«15 наурыз күні 17:12-де Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасынан өрт шығып, 4 шаршы метр ауданда үй жиһазы өртенді», - делінген хабарламада.

Комитет өкілдерінің айтуынша, өрт сөндіру қызметкерлері 68 адамды, соның ішінде 13 баланы құтқарған.

Жалын 17:44-те ауыздықталып, 17:50-де толықтай сөндірілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.