Қарағандыдағы 16 қабатты үйде болған жарылыстан 3 адам қаза тапты

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда тұрғын үйде болған жарылыстан үш адам қаза тапты. Олардың екеуі ер адам да, біреуі әйел, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекшілік бөліміне 10 қаңтар күні сағат 21:29-да Республика даңғылы, 18/2 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түскен. 16 қабатты, 127-пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатында жарылыс болып, өрт шыққан. Оқиға орнын тексеру барысында үш адамның денесі табылған (болжам бойынша екі ер адам мен әйел). ТЖД күштерінің көмегімен 11 адам құтқарылды (оның ішінде 2 бала). Оқиға орнына ТЖД 88 қызметкері және бөлімшелерінің 23 техникасы жұмылдырылды.

Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД 3 вахталық көлігі тартылды.

Сағат 22.55-де өрт оқшауланды. Облыс әкімдігі эвакуацияланған адамдарды қонақ үйлерге жеткізумен айналысып жатыр.

Осыған дейін Қарағандыда 16 қабатты үйде газ жарылып, тұрғындар эвакуацияланып жатқаны туралы хабарланды.


Соңғы жаңалықтар