Қарағандыдағы патрон зауыты республикалық меншікке өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазтехнология» акционерлік қоғамы Қарағандыдағы Steel Manufacturing патрон зауытын республикалық меншікке өткізді. Енді оны Kazakhstan Engineering ұлттық компаниясы басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Steel manufacturing» ЖШС-нің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Қазтехнология» акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын», - делінген Үкімет қаулысында.

Қаулыға сәйкес, кәсіпорын Kazakhstan Engineering ұлттық компаниясының акцияларына төлем ретінде мемлекет меншігіне өтіп жатыр.

Айта кетейік, Қарағанды облысындағы «Steel Manufacturing» ЖШС патрон зауыты 2020 жылы мамыр айында іске қосылды. Зауыттың жобалық қуаты жылына 30 млн патронға есептелген.


Соңғы жаңалықтар