Қарағандыдағы робототехника фестиваліне 800-ге жуық команда қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда 30-31 наурызда «ROBOLAND 2018» IV Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа технологияларға қызығушылық танытатын балалар мен жасөспірімдерге арналған Қазақстандағы ірі фестиваль дәстүрге айналды, алайда жыл сайын бағдарламасы өзгертіліп отырады. Форум мектеп және колледж оқушылары арасында білім беру робототехникасын танымал етуге, аталмыш саладағы қауымдастықтарды біріктіру мен дамытуға арналған алаң болып табылады.
Фестивальдің ұйымдасырушылары: Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысының Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, «Сарыарқа Дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталық.
Төртінші фестивальде номинациялар саны 32-ге дейін ұлғайды. Ұйымдастырушылар анағұрлым жоғары талаптарға ие және тапсырмалары бар премиум-классты санаттарды қосты. Жасөспірімдер 3D принтердің көмегімен модельдерді жасау машығын көрсетіп, сайысады, ал мектепке дейінгі балалар - роботтарды құрастырады. "Виртуалды шындық" номинациясында қатысушыларға виртуалды шындық шлемі және басқару саусақтары арқылы робот моделін жасап шығару керек болады.
Биылғы жылы ROBOLAND фестиваліне 771 команда қатысады, оның ішінде 754 - Қазақстаннан, 13 - Ресейден, 1 - Қырғызстаннан, 3 - Польшадан.
Іскерлік бағдарлама да жаңарды. Roboland-2018-ге беделді спикерлердің рекордтық саны шақыртылған. Қонақтар Ресей, Қазақстан және Грекиядан келеді. Олардың қатарында: «Внедрение инноваций в сфере 3Д образования» Бүкілресейлік Қауымдастығының президенті Роман Бондаренко, мәскеулік "Кулибин центр" директоры Светлана Шиповская, робототехника бойынша кітаптардың авторы Виктор Петин, «Ресейдің үздік сандық мұғалімі-2017» номинациясының иегері Нина Данилина, 2016-шы жылдың Еуропадағы үздік STEM-педагогы Михалис Орфанакис және т.б. Шет елдік мамандар ұстаздар, мектеп оқушылары мен студенттері үшін семинарлар мен шеберлік-сыныптарын өткізеді.
Фестиальде алғаш рет қазақстандықтарға «Лунная Одиссея» жақын ғарышты меңгеру бойынша бірегей оқу-әдістемелік оқулық ұсынылады. Бұл Біріккен Зымыран-Ғарыштық Корпорация, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы мен LEGO Education компаниясының бірлескен білім жобасы.
Фестивальдің онлайн көрсетілімін roboland.kz. сайтынан көре аласыздар.
ROBOLAND фестивалі Қарағандыда 2015-ші жылдан бері өткізіліп келеді. 2016-шы жылдан бастап ол халықаралық дәрежесіне жеткен.
Қарағанды облысында "Білім беру робототехникасы" жобасы 2014-ші жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылы LegoMindstorms жабдық жиынтықтарын 5 облыстық мектептер алған. Үш жыл өткен соң робототехника бойынша үйірмелер мен элективті курстар 188 білім ұйымдарында жұмыс істей бастады. 200-ден астам қалалық және ауылдық мектептердің мұғалімдері робототехниканы оқыту әдісі бойынша оқудан өтті. Зертханаларды жабдықтау үшін түрлі бағыттағы және әртүрлі өндірушілердің робототехникасы сатып алынды - LegoEducation, Tetrix, VEX, Arduino, RoboRobo.LearningResources. 2018-ші жылдың соңына дейін облыстың барлық 467 орта білім беру мектептерінде робототехника зертханаларын ашу жоспарланып отыр.