Қарағандыдағы шахтада үйінді басып қалған кенші құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Түсіп Күзембаев шахтасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасы сілтеме жасап.
None
None

Кеніште көмір қабаты құлап кетіп, бір адам астында қалып қойған. Абырой болғанда 35 жастағы жұмыскер аман. Көмір қабаты оның аяғын басып қалып, оң жақ тізесі сынған. Ол дереу Қарағандыдағы аурухананың біріне жеткізіліп, қажетті ем-дом көрсетілді. Құтқару жұмыстарына барлығы 19 адам жұмылдырылған. Бұл туралы Кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметінің өкілдері хабарлады.

Апаттың себеп-салдарын арнайы комиссия анықтайтын болады. Алайда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы бұл оқиға туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар