Қарағандыдан Қызылорда мен Өскеменге әуе рейстері ашылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды әуежайында қазақстандық екі әуе бағыты ашылады. Жаңа жылдан бастап ұшақтар Өскемен мен Қызылордаға ұша бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағандыдан Өскеменге әуе кемесі 5 қаңтардан бастап сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшатын болады.
Бір жаққа ұшу құны – 22 000 теңгеден басталады.
Қарағандыдан Қызылордаға рейс 5-қаңтардан бастап сәрсенбі және жексенбі күндеріұша бастайды.
Бір жаққа ұшу құны – 18 000 теңгеден бастап.