Қарағандыға Беларусь пен Ресей құтқарушылары келеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 15 маусым күні іс-сапармен Қарағанды облысына Беларусь Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі мен Ресей Федерациясының төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы келеді, деп хабарлайды аймақтық ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағандыға Беларусь пен Ресей құтқарушылары келеді

Бұл сапарда екі елдің құтқарушылары «Әлеуметтік желілер арқылы халықты өмір сүру қауіпсіздігі мен төтенше жағдайларға ден қою негіздеріне оқыту» семинарына қатысады.

Кездесу барысында делегация біріккен кезекші диспетчер қызметі, баспасөз қызметі, ақпараттық-талдау бөлімі, техникалық қызмет көрсету және ескерту бөлімі жұмыстарымен танысады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде деректер бөлімдерінің қызметі төтенше жағдайлар кезінде халыққа білім беру мәселесі талқыланады.

Шетелдік қонақтар облыстық төтенше жағдайлар департаменті жұмысының ерекшеліктерімен танысу үшін дөңгелек үстел бірнеше бөлімді қамтиды.

Дөңгелек үстелдің бірінші бөлімі «Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментіндегі тіршілік қауіпсіздік негіздері мен төтенше жағдайларға жауап қайтаруға оқыту».

Екінші бөлімінде «Облыстағы өрт қауіпсіздігіне халықты тіршілік қауіпсіздігі негіздері мен төтенше жағдайға жауап қайтаруға оқыту».

Үшінші бөлімі «SMS жөнелтілімдер арқылы халықты хабардар етуге» арналады.

Төртінші қорытынды бөлімінде шетелдік делегациясына Қарағанды облысы халықты қалай әлеуметтік желілер арқылы тіршілік қауіпсіздігі негіздері мен төтенше жағдайларға жауап қайтаруы туралы айтып береді.